ҚазҰУ студенті «X Waters Kazakhstan-2024» жеңімпазы
7 тамыз, 2024
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің студенті Елдар Шекербек Бурабайда өткен «X Waters Kazakhstan-2024» жарысының жеңімпазы атанды.
Қазақстанда тұңғыш рет ашық суда марафондық жүзуден ұйымдастырылған халықаралық жарысқа қатысушылар 4 және 8 шақырым қашықтықта сынға түсті.
Жас спортшы Елдар Шекербек 20-29 жас аралығындағы шеберлік тобында 4 шақырымды өзгелерден бұрын жүзіп өтіп,1-орынға ие болды.
Осының алдында, 27-28 шілде аралығында Қонаев қаласында өткен «Oceanman Kazakhstan-2024» жарысында Елдар Шекербек алтын және қола медальмен марапатталған.
Спортшымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024