Бос орындарға үміткерлер іріктелуде

8 тамыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бос лауазымдарға орналасуға профессорлық-оқытушылық құрамын іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өтуде.

Конкурстық комиссия отырысында 2024-2025 оқу жылына факультеттердегі бос орындарға үміткерлердің өтініштері қаралуда.

Конкурсты өткізудің негізгі мақсаты – оқу орнындағы жоғары кәсіби мамандар құрамын қалыптастыру және кадрларды іріктеу мен орналастыру жөніндегі жұмысты жетілдіру, біліктілік талаптарына сәйкес келетін бос лауазымдарға орналасуға лайықты үміткерлерді іріктеу болып табылады.

Іріктеу нәтижелері негізінде университет басшылығына еңбек шартын жасасу үшін бос лауазымдар бойынша ұсыныстар беріледі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі