- Басты бет
- Жаңалықтар
- Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті, т.ғ.к. Лаура Танирбергенқызы Исова Мария Кюри-Склодовская университетінде ұйымдастырылған ғылыми тағылымдамадан өтіп келді
Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті, т.ғ.к. Лаура Танирбергенқызы Исова Мария Кюри-Склодовская университетінде ұйымдастырылған ғылыми тағылымдамадан өтіп келді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының доценті, т.ғ.к. Лаура Танирбергенқызы Исова, 2024 жылдың шілде айында Польша Республикасындағы NAWA – академиялық алмасу бойынша ұлттық агенттіліктің қаржыландыруымен Люблин қаласындағы Мария Кюри-Склодовская университетінде ұйымдастырылған ғылыми тағылымдамадан өтіп келді.
Арнайы стипендия тағайындап отырған Польша ұлттық агенттілігі NAWA миссиясы поляк ғылымы мен жоғары білімі потенциалын нығайту мақсатында халықаралық ынтымақтастықты және академиялық алмасуды қолдау болып табылады. Поляк университеттерін сапалы интернационалдыру арқылы, мемлекеттік және шетелдік ғалымдарды қолдау агенттіліктің міндеттеріне кіреді.
Қазақ-поляк қатынасының эволюциясын зерттеу мәселесімен айналысатын ғалым ретінде Лаура Исова, Польшаның ғылыми орталықтары мен мұрағаттарында ұзақ уақыттан бері зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Тағылымдама барысында, Мария Кюри-Склодовская университетінде білімін жетілдірумен қатар, Люблиндегі тарихи жады институты және мемлекеттік мұрағаттарда, профессор Януш Лосовскиймен бірлесе зерттеу жұмыстарында жалғастырды. Ұлттық университет ғалымының қолдау білдірген Польша Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығына, Люблиндегі ғылыми ортаға алғысы шексіз!