ҚАЗҰУ-ДА ЦУКУБА УНИВЕРСИТЕТІМЕН БІРЛЕСКЕН СЕЙСМИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛАДЫ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Жапонияның Цукуба университетімен бірлескен Сейсмикалық орталық құрылады.
Жобаны іске асыру бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев пен Цукуба университетінің ректоры Нагата Кёсукэ келісімге қол қойды.
Ортақ жоба бойынша келісім Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі және «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммиті аясында өтті.
Осы күндері Астанада өтіп жатқан ауқымды шараға Орталық Азия елдерінің басшылары, мемлекет қайраткерлері, ведомство басшылары, бизнес және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Маңызды жиында жасыл экономика, көлік-логистика, қаржы мен адами капиталды дамыту мәселелерінің негізгі бағыттары талқылаунда.
Жобаны іске асыру аясында қос білім ордасы оқытушылар мен студент алмасу, бірлескен семинарлар мен зерттеулер жүргізу бойынша өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын дамытады.
Бұл бастама білім, ғылым саласында білікті кадрларды дайындауға, екі елдің ғылыми байланыстарын одан әрі нығайтуға бағытталған.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі