АБАЙ КҮНІ – ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ МЕРЕКЕСІ
Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлары, студенттері,
магистрант-докторанттары!
Сіздерді Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!
«Адамзаттың Абайы» атанған Ұлы хакімнің кемеңгерлік болмысы мен дара тұлғасы уақыт өткен сайын жаңа биікке көтеріліп келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет» – деп атап өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Абай ғылыми-зерттеу институты» табысты жұмыс атқарып келеді. Биыл құрлғанына 15 жыл толып отырған интситут ғалымдары абайтану саласының дамуына елеулі үлес қосып келеді.
Ұлы ойшылдың терең пайымдары мен ой-пікірлері бүгін де өзектілігін жойған емес.
Абай күні – әділетті мемлекет, біртұтас ұлт, берекелі қоғам қалыптастыруға ұмтылған еліміздің рухани мерекесі.
Абай ілімін кеңінен насихаттап, ұрпақ санасына сіңіру, ойшыл ақынның бай мұрасын жаңаша зерттеп, зерделеу – біздің ортақ міндетіміз.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректоры
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ