ҚазҰУ туралы әнге бейнебаян түсірілді

21 тамыз, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арналған әнге бейнебаян түсірілді. Ардагер оқытушылардан құралған «Ұлағат» ансамблі арнайы «ҚазҰУ-ым – ұлағат ұясы» атты әнді оқу ордасының 90 жылдығына арнады.

Түсірілім жұмыстары ҚазҰУ қалашығында жүргізілді. Бейнебаянды түсіруге Ақпарат және коммуникациялар департаментінің қызметкерлері қолдау көрсетті.

 «Әлеуметтік желіге жүктелген клип көптің көңілінен шығып жатыр. ҚазҰУ, расында, баршамыздың қара шаңырағымыз. Әнді орындаған кезде ерекше әсерге бөлендік. Әннің сөзі өте мағыналы. Жүректерді тебірентті. Толассыз пікір жазып жатқандар көп», – дейді ансамбль мүшелері.

Көп көңіліне жол тауып жатқан әннің әуенін жазған – Қуаныш Жұмағали. Ал әнге рухты сөз жазып, айшық берген – Асқар Дүйсенбі.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі