ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

30 тамыз, 2024

Құрметті әріптестер, білім алушы жастар!

Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Ата заңымыз тәуелсіздігіміздің берік тұғырына, табысты дамуымыздың және еліміздің халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет пен қоғам өмірінің негізін айқындайтын Конституцияда азаматтардың мүддесіне, құқығы мен бостандығына айрықша назар аударылған. Сондықтан Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан барлық ауқымды өзгерістің мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту», – деп атап өткен болатын. 

Конституция – еліміздің біртұтастығын, азаматтардың құқығы мен бостандығын сақтайтын басты құжат, береке-бірлігіміздің алтын темірқазығы.

Азаматтық қоғам қағидаларын насихаттап, құқықтық білім беруде университетіміздің оқытушы-ғалымдары елеулі үлес қосып келеді.

Жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолында жаңарған Конституциямызға сай іргелі реформаларды іске асыру – баршамыздың міндетіміз.

Ата заңымызды құрметтеп, бұлжымас қағидаларын қатаң сақтау – әрбір азаматтың парызы.

Ел іргесі бүтін, отбасыларыңыз аман болсын.

Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге табыс пен жетістік тілеймін!

Құрметпен,

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ