Картография және геоинформатика кафедрасының 1-курс студенттерінің әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысуы

2 қыркүйек, 2024

     2024-2025 оқу жылына бағыт-бағдар беру аптасының аясында, қыркүйектің 2-сі күні «Картография және геодезия», «Геоинформатика», «Табиғи-техногендік қауіп қатер» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері Баяндинова Сайран Мухтаркановна көмегімен студенттерге қызмет көрсетуге бағытталған «Керемет» орталығымен танысты.

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» Студенттерге қызмет көрсету орталығы өзінің құрылымы мен функционалды мазмұны бойынша «бір терезе» және «бір кеңсе» қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтердің толыққанды қызметі жоқ ең ірі университеттік қызмет көрсету орталығы болып табылады. Орталықтың практикалық маңыздылығы «бір терезе» қағидаты бойынша 500-ден астам әлеуметтік маңызы бар, білім беру, медициналық, әлеуметтік, мәдени-сауықтыру, демалыс және жастар орталығының қызметтерін көрсетуінде. Идеологиясы: Орталық ұлы ойшыл Әбу Наср әл-Фарабидің өнегелі қала туралы іліміне негізделген «Al-Farabi university smart city», бірегей инновациялық жобасы аясында ашылды. «Керемет» – ұжымдық өзара көмек, жоғары этикалық нормалар мен әлеуметтік жауапкершілік негізінде әлеуметтік маңызы бар қызметтердің сапалы жаңа деңгейі енгізілетін ізгі үй.

     СҚКО «Керемет» құрылымымен танысу барысында 1-курс студенттері ғимараттың студенттерге көрсететін барлық қызмет спектрінде бағыт-бағдар алды.