- Басты бет
- Жаңалықтар
- Картография және геоинформатика кафедрасының 1-курс студенттерінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайымен танысуы
Картография және геоинформатика кафедрасының 1-курс студенттерінің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайымен танысуы
2024-2025 оқу жылына бағыт-бағдар беру аптасының аясында, тамыздың 29-ы күні «Картография және геодезия», «Геоинформатика», «Табиғи-техногендік қауіп қатер» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттерінің ҚазҰУ мұражайымен танысуы өтті. Экскурсия барысында студенттер Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарихы мен отандық ғылым мен білім берудегі даму үрдісі жайында ақпаратқа қол жеткізді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайы – Қазақстанда және әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті, өз елінің мәдени-тарихи құндылықтарын бойына сіңірген, рухы мықты жанашыры - өнегелі мамандарын тәрбиелейтін университеттің ғылыми-ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бөлімшесі. Негізгі мақсаты – халқымыздың бай мәдени, рухани мұрасын сақтау мен насихаттау, білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктерін дәріптеу болып табылады. Университет мұражайы 1989 жылдан бастап жұмыс істейді. 20 жылдан кейін ауқымды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, жаңа мұражайдың ашылуы 2009 жылы 13 қазан айында университеттің 75-жылдық мерейтойына орай ашылған болатын. Мұражайдың аумағы – 1000 шаршы метр. Тарих галереясы, Даңқ залы, Университеттің тұрақты дамуы атты 3 залында университеттің құрылу тарихы 120 витриналарда жүйелі жинақталып, 5 мыңнан астам тарихи құнды және сирек кездесетін құжаттар мұражай экспонаттары арқылы көрсетілген.
Экскурсия нәтижесінде, мұражай қызметкерлерінің көмегімен студенттер университеттің тарихымен танысып, қызығушылық танытты.