Президент Жолдауының мақсаты – еліміздің әлідеттігі пен қауіпсіздігі
2024 жылы 2 –ші қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Президент Парламент өткен сессияда 102 заң қабылданғанын олардың маңызы мен қоғамдық мәніне баса назар аударуды талап етті. Заңдар әлеуметтік салаларға, балаларды қорғау ісіне, қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технология саясатына, жылу энергетикасына қатысты өте өзекті тақырыптарды қамтиды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында соңғы уақыттағы саяси реформалардың жүйесі түбегейлі өзгергенін , халық санасындағы өзгерістер мен ел азаматтарының жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтарға бетбұрыс жасалып жатқанын құқықтық мәдениетінің деңгейі өсіп жатқагыг осыларды тереңдетіп толыө қалыптастыру үшін осы бағыттан таймайтындыққа баса көңіл бөлді.
Президент Жолдауында қазақ халқының бірліктің арқасында тар жол тайғақ кешуден сүрінбеген еңбек пен ерлік қасиетін бойына дарытқан халықтың ұрпағымыз екенін, болашақта да әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құру мен дамыту жолында өзінің мемлекет басшысы ретінде осы жолда халық үшін аянбай тер төгетін , халқынан да соны талап ету міндетін тапсырды. Жолдауында қазіргі дамыған ммлекеттердің қатарында толық иық тіресіп тұру үшін Мектептер мен жоғары оқу орындарында цифрлық сауаттылықтың білім бағдарламасын енгізу қажеттілігін атап көрсетті.
Прещзидент Жолдауында «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет. Цифрлық технологиялардың күнделікті өмірімізге жаппай енуі түрлі алаяқтардың көбеюіне әкеп соқтыруда. Оған бәріміз куә болып отырмыз. Сондықтан қазір қаржы және экономика негіздерін білу, қарапайым цифрлық дағдыларды меңгеру аса маңызды болып тұр- деп цифрлық технологияның табыстары мен қауіп қатерінің бар екенін оны игеру жолында мамандардың да сауатты және Қазақстанның заңдары мен тәртіптерін басты ұстанымдарын сақтау мен оны басты межеге алуды тапсырды , Еліміздің қоғамдық өмірінің барлық саласында әлеуметтік , экономикалық даму бағыттарына қатысты әлідеттігі пен қауіпсіздігі үшін жаңа міндеттерді жүктеп,нығайтуды тапсырды.
Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдары докторы
Әлкебаева Дина Ақбергенқызы