«География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Басқарма төрағасы, академик Медеу Ахметқал Рахметуллаұлының көшбасшылық дәрісі

2 қыркүйек, 2024

География және табиғатты пайдалану факультетінің Жаңа оқу жылы жаңалығы мол президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауымен басталып, «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ Басқарма төрағасы, академик Медеу Ахметқал Рахметуллаұлының дәрісімен жалғасты. Жолдауды талқылай отырып еліміздегі табиғи апаттардың алдын алудың, соның ішінде су басу, сел тасқыны, тау жылжымалары сияқты апаттардың алдын алудың жолдарын география мамандары шешетінін, ондай мамандар қандай мамандықты оқу керек, қалай дайындалу керек, шешімін қалай табу керек екенін түсіндіріп, табиғаттың құбылысын баланста ұстай отырып, көптеген мәселелерді шешуге болатынын айтып өтті.

География және су қауіпсіздігі институтының қазіргі айналысып отырған мәселелерін, ондағы мамандардың тәжірибесін, материалдық базасын айта отырып, сол жердегі мамандарды дайындайтын осы қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті екенін, оның ішінде география, жерге орналастыру және кадастр кафедрасының студенттері жылда жас мамандардың орнын толықтырып отыратынына тоқталды. Академиктің дәрісі студенттер үшін жаңа оқу жылында өте қызықты және ғылыми мазмұнды болды.