Халыққа білім мен ғылымның көмегі.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққы жолдауында көптеген экономикалық, әлеуметтік және саяси тұрғыда ел ішіндегі мәселелермен қатар жаһандық және аймақтық мәселелер көтерілді. Бүгінгі таңда өнеркәсіпте ауыл шаруашылығында, көлік саласында, қаржы, білім, ғылым тағы басқа да салаларда шешімін күтіп отырған көптеген жұмыстар бар. Жолдауда осы мәселелердің шешімі айтылып өтті, әсіресе салық саласында шағын және орта бизнеске және тағы басқа да өнертабыс түрлеріне салық салудың оңайлатылған және жеңіл түрлері қарастырылатыны өте дұрыс шешім.
Ауыл шаруашылығымен тікелей айналысатын ауыл тұрғындары өздері өндірген өнімдерін өңдеуге және тасымалдап сатуға қолайлы жағдай жасау үшін ыңғайлы инфрақұрылым құру керек екені өте маңызды екені айтылып өтті. Әр аймақта, ауданда ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруді үйрететін орталықтар ашу қажет екені дұрыс шешім, себебі даму үшін білім мен ғылым ауадай қажет.
Экономикалық, саяси, климаттың жаһандық және аймақтық күрделі кезеңде білім мен ғылым саласына көп көңіл бөле отырып, аталған мәселелердің шешімін табуға болады, осы жолда еліміздің әр аймағына грандтық қаржылар бөлініп қыруар жұмыстар жасалуда. Алдағы уақытта осындай жұмыстарды дамыта отырып, қоршаған ортаның экологиялық мәселелеріне көп көңіл бөлу керек, яғни ғылыми тұрғыда шешімін табу қажет. Еліміздегі су басулар, тау жылжымалары, өрт сияқты табиғи апаттардың алдын аудың жолдарын қарстырып, жастарды ғылыми тұрғыда жұмылдыру керек.
Қалаларда, әсіресе Алматы сияқты ірі қалаларда күрделі мәселелер күннен күнге ушығып келеді. Осындай мәселелерді шешудің бірден-бір жолы маңайындағы қалаларды дамыту керек, соның бірі Алатау қаласының даму жағдайын қарастыру жолдаудағы үлкен мән беретін іс. Алатау қаласын дамыта отырып баспанаға, әлеуметтік нысандарға, инженерлік инфрақұрылымға, логистикаға және экологияға қатысты жұмыстарды шешу басты мәселенің бірі. Осының барлығы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың бірден-бір жолы.
Білім мен ғылым саласындағы оқу орындары жолдаудағы басты мәселелерге баса мән беріп, күрделі мәселелердің шешімін табуға жұмыс жасап, халыққа түсіндіріп, қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыруға көмек беріп, алдыңғы шепте болу керек.