Ел президенті Қ.К.Тоқаев биыл да 2-ші қыркүйекте болып өткен парламент отырысында Қазақстан халқына дәстүрлі үндеуін жолдады. Президент парламент мүшелеріне олардың атқарған жұмыстарына алғысын айта келе, еліміздің оң бағытта жаңаруына байланысты бұдан 30 жыл бұрын қабылданған бір қатар заңның бүгінгі күннің талаптарға жауап бере алмайтынын ескертіп, өзгерістер енгізу керек екенін атап өтті. Президент өз үндеуінде іске асқан, атқарылып жатқан бірқатар іс-шаралар мен жұмыстарды атап өтіп, әлі де еліміздегі шешімін таппаған әлеуметтік, саяси, экономикалық мәселелерге тоқталды. Осындай өзекті мәселелердің бірі халықтың әл-аухатын жақсарту, жұмыспен қамту, макро экономикаға назар аудару, негізгі өндіріс орындарына шетелдік инвестицияны көптеп тарту, шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету, банк жұмыстарына, ел бюджетін ұқыпты үнемлі пайдалануға бақылау жүргізу сияқты әлі де жетілдіруді талап ететін мәселелерді шешу жолдарын көрсетіп берді. Сондай ақ, қазіргі кезде энергия көзіне деген сұраныстың үнемі өсіп отырғанын ескере келіп, елімізде атом электр станциясын салу және оның қажеттігін, маңыздылығын халыққа түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізу, халықпен келісе отырып, шешім шығару мақсатында референдум өткізу уақытын белгіледі. Президент үндеуінде қамтылған ел өмірінің барлық саласындағы мәселелер тек халықтың әл-аухатын жақсарту, ел экономикасын көтеру көзделетін мақсаттар діттеліп, сол мақсаттарды қамтамасыз ететін заң қажеттігін ескертті. Сонымен қатар президент өз сөзінде қазіргі кезде елімізде етек алып отырған зорлық, зомбылыққа жол бермеу, коррупцияға тосқауыл болатын қатал заң қабылдауға баса назар аударды. Президент ұсынған қабылдануы тиіс заң жобаларының бәрі ел игілігіне, халыққа қызмет етуге бағытталған шаралар екеніне ел үлкен үмітпен қарайды.
Баймуратова И.А. ф.ғ.н.,
Филология факультеті, шет ел тілдері
кафедрасының аға оқытушысы.