Мемлекет басшысының жолдауына жауап

3 қыркүйек, 2024

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Президент Қазақстанның тұрақты дамуына тікелей әсер ететін негізгі мәселелерді талқылады. Яғни “Ұлттық қор - ұзақ мерзімге арналған макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін аса маңызды құрал. Сондықтан оны тиімді басқару қажет”.
“Банктер туралы жаңа заң қажет”.
“Теміржол саласында реформа жасау үшін тариф жүйесі қайта қаралу керек”.
Логистика, ирригация мәселері айқын айтылды. Еліміз Еуразияның дәл ортасында орналасқандықтан логистиканы дамытуға қолайлы. Елімізде су мамандарын дайындауға күш салуымыз қажет. Былтыр басталған “Ауыл аманаты жобасы” қолға алынып, ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өндіруге және сатуға қолдау көрсетуді тапсырды. Алдағы уақытта 217 заманауи форматтағы мектеп қолдануға беріледі. Президент “Ұстаздар - ұлттың зияткерлік негізі” деп атап көрсетті. Педагогикалық жоғары оқу орындарына талантты жастарды қабылдау тапсырылды. Бұқаралық спорт - ұлт саулығының кепілі. Экологиялық ахуалды жақсарту, ормандарды өрттен қорғау, Қазақстан жеріндегі жануарлар мен өсімдіктерді қорғау әр азаматтың міндеті деп атап көрсетті.

Түркутану және тіл теорясы кафедрасы  доцент  м.с.

PhD  доктор  Утемгалиева Насихат