“Президенттің жолдауы - халқына деген қолдауы”
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауы өтті. Бұл жолдауда президентіміз Жалпы отандық бизнеске және шетел инвесторларына жол ашу, ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құру өте маңызды екенін және тағы да басқа маңызды тақырыптарды қозғады. Өте маңызды және болашағымызға тікелей әсер ететін дүниелер айтылды.Бізде бұл жолдауға тікелей қатысымыз бар деп ойлаймын. Себебі, болашақ жастардың қолында.Біз өз тарапымыздан аянбай еңбек етеміз.Кездесудің бас кезінде ректормен кездесу өтті. Жиын барысында ректор жастармен еркін әңгіме құрып, білім саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісті.Бізді жылы құшақпен қарсы алып, алдағы уақытқа сәттілік тіледі.Біз өз тарапымыздан алғысымызды білдіреміз.
Жаныбек Алия
1-ші курс студенті