2024 жылы 2 қыркүйекте ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өз жолдауын жолдаған болатын.Бұл біздің бірнеше жылдық дәстүр болып қалыптасып қалған парламент отырысы. «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм».Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауына арқау болған тақырып осылай аталған болатын.Елбасымыз ең алдымен басым бағыттарды қарастыра отыра, Қазақстан азаматтарының тұрмыс-тіршілігін жақсарту негізінде жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударған болатын.Әрі бұл жолдауда түрлі бастамалар мен ұсыныстар қарастырылды.Еліміздегі шешімін жылдар бойы таппай келе жатқан
әлеуметтік, саяси, экономикалық
мәселелер талқыға салынды.Тілге тиек етіп тағы бір мәселе зорлық-зомбылық сынды т.б,жемқорлыққа қарсы қатаң түрде заң қабылдауды да айтқан еді.Президентіміздің жолдауы “Әділетті Қазақстан”,”Жаңа Қазақстан” құру мақсатындағы идеялық шара екені белгілі.Азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету,өнеркәсіп,салық жүйесі,экономика сынды өзекті мәселелер алдағы уақытта өз шешімін табатынына осы жолдау кепіл болмақ.Жарқын болашаққа бізден күтер үміт көп!
Азатқызы Мақпал,201-топ,Қазақ филологиясы