Ең басты міндет білімді және білікті маман болу

3 қыркүйек, 2024

Жаңа оқу жылының алғашқы күндері әл-Фараби атындағы кітапханада университетіміздің Басқарма Төрағасы - Ректоры Ж.Қ. Түймебаевтың қатысуымен өткен көшбасшылық дәріспен басталды. 
Дәрісте 2024 жылғы Президент жолдауы талқыланып, университетіміздің тыныс-тіршілігі, ғылым-білім саласындағы жетістіктері, жоспарлары таныстырылды. Жансейіт Қансейітұлы ең басты міндет білімді білікті маман болу екенін тілге тиек етіп, жастардың тұлғалық белсенділігін арттыру арқылы, әділетті Қазақстанды құрудағы жастардың рөліне тоқталды.
ЖОО басшысы дәрісте ҚР Президенті қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда, алдыңғы қатарлы алты  шетелдік жоғарғы оқу орнының екеуі, Мәскеу ұлттық ядролық зерттеу университеті және Солтүстік-батыс политехникалық университетінің ҚазҰУ-да ашылғанын және де Ыстамбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалы ашылғанын айтты.
ҚазҰУ-дың ғылыми университет ретіндегі алға қойған мақсаттары, ғылым-білім саласындағы жетістіктері, білікті әрі білімді маман болуға ұмтылыс әр студенттің болашағына сенімділік ұялатып, одан әрі ынталандыра түсті.
Филология факультеті, түркітану және тіл теориясы кафедрасы 
Түркітану мамандығының, 2-ші курс студенті
Табанова Елдана