Президент жолдауына 2024

3 қыркүйек, 2024

Ел президенті Қ.К.Тоқаев биыл да 2-ші қыркүйекте болып өткен парламент
отырысында Қазақстан халқына дәстүрлі үндеуін жолдады. Президент биылғы
жолдауында көптеген маңызды мәселелерді шешуге ден қойды. Осы жолдаудың
экономикалық саясатқа бағытталатынын президент бірнеше мәрте меңзеген еді.
Сонымен, экомиканың жаңа моделі қандай болмақ?
Ең бастысы
-
шикізатқа байланған экономиканы әртараптандыру, импортқа тәуелді
нарыққа өзіміздің өнімді ұсыну, негізгі салаларда терең өңдеуді қолға алу. Президент
өндірістің барлық сатысы өзімізде болуы керек екендігін алға тартты. Алайда, ол үшін
өңдеу өнеркәсібіне шикізат қолжетімді әрі жеткілікті болуы тиіс. Бұл мәселе бұған
дейін де талқыланған болатын. Президент сирек кездесетін металды халықтың
мұнайына теңеді. Себебі, өнеркәсіпке қажет шикізат осы салада. Жауапты министрлік
өнеркәсіптік саясат туралы заңға өзгерту дайындады. Меніңше, бұл экономиканы
жаңартуға жақсы бастама. Үкімет кәсіпорындардың экологиялық және экономикалық
ахуалын, денсаулық сақтап жүйесін жақсарту үшін батыл шаралар қабылдады.
Президент бұл жолы жоспарлау жүйесін де өзгертті, яғни жолдаудағы айтылған
тапсырмаларды орындау ұзақ мерзімді стратегияға құрылып отырған жоқ. Өйткені,
әлемдік қаржы нарығындағы ахуал сәт сайын өзгеріп жатқан кезеңде экономикалық
саясаттың жедел әрі нақты іске асқаны маңызды. Сол үшін Қ.К.Тоқаев міндеттің бәрі
үш жылдың ішінде орындалуын бақылайды. Ендігі алға қойылған жоспардың
орындалуы бәрімізге байланысты болмақ.
Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп
болғанымен, жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей өркендеуімізді тоқтатпаймыз!

Молдаған Құндыз Жұмабайқызы