Президент Жолдауы – әділетті қоғам құруға бастайтын маңызды қадам
2024 жылдың 2 қыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан |Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» жолдауын жолдады. Еліміздегі жаңа саяси маусым дәстүр бойынша, Президент Жолдауынан басталды. Жолдауда еліміздің экономикалық және мәдени дамуына қатысты мәселелер қамтылды.
Жаңа бағдарламалық құжатта макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру қажеттілігін айтып өтті. Экономика саласында қабылданған шешімдер қоғамның хал-ахуалын жақсарту жолында оң нәтижелер беретініне сеніміміз мол.
Ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту қажеттілігі аталды. Емдеу мекемесі жоқ мекендерде бөлімшелердің салынуы мен денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті дәрігерлерді дайындау жүйесін жетілдіру ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді деп сенеміз.
Білім алуға жылдық өсімі 2-3 пайыз болатын жеңілдетілген несие берілуі жоғары білімнің қолжетімділігін арттырады. Балалардың білім алуына инвестиция ретінде жұмсалатын алғашқы мақсатты капитал бірыңғай білім беру есепшоттарына жинақталса, еліміздің әрбір азаматына бірдей мүмкіндік қағидатын беріледі.
Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы өз Жолдауы арқылы алдағы реформалардың бсағыт-бағдарын айқындай алды. Еліміздің егемендігі мен жеріміздің тұтастығын сақтау мақсатында жасалған қадамдар оң нәтиже көрсетіп, жалпыұлттық ынтымақтық пен қоғам серіктестігін нығайта түседі деп сенеміз.
Филология факультеті
«Әдебиеттану» мамандығының
3-курс студенті
Рашит Фарида