Жолдау 2024

4 қыркүйек, 2024

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биыл 2 қыркүйек жолдау жасаған болатын. Бұл жолдаудың мақсаты еліміздің бүгіні мен ертеңін салыстыра отырып, жаңа, әділетті Қазақстанды құру. Экономикалық еркіндікті қолдай отыра, шағын және орта бизнестерді дамытуды ұсынды. Қорымыздағы шикізаттарды дұрыс пайдалану және ұлттық табыстың игілігін дұрыстау керектігін баяндады. Сонымен қатар бұл мәселелердің шешу жолдарын ашып айтқан болатын. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керектігін айтты. Дәріхана, ауруханаларды заманға сай жаңартып іске қоспақшы. Бұл әрине халқымыз үшін жақсы жаңалық. Себебі шетел асып қандастарымыз ем алып жүр. Егер өз елімізде емделуге жағдай жасалса,екі-үш есе үнемделер еді. Осы мәлесені көтере отыра дәрігерлерді даярлау, оқыту, жоғары оқу орындарын ашу туралы ұсыныс жасады. Білікті, тәжірибелі маман иелері медицина үшін аса маңызды. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын аса назар аударып, балабақшамен қамтамасыз етілетінін айтты. Сонымен қатар мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды екенін хабарлаған болатын. Бұл мәселемен қосыламын. Әрбір үйде кем дегенде 2-3 баладан бар. Ал елімізде қазір көп балалы ата-аналар бар. Әрбір баланы киіндіру орташа есеппен 50000 теңге кетеді. Ал үйде 5 баланың бесеуіде мектепке баратын болса 250.000 теңге шығындалады. Бұл қарапайым отбасылар үшін қалта көтермеуі мүмкін. Сондықтан да барлық балаға қолжетімді ету маңызды. Жалақыларды көбейтіп, жәрдемақы мен зейнетақыларды көбейтуді қолдаймын. Бұл жолдауды әрбір Қазақстан тұрғындары міндетті түрде танысып шығулары керек. “Ел боламын десең-бесініңді түзет” демекші әр адам өзінен бастаса елімізде жемқорлық, зорлық-зомбылық секілді үлкен мәселелер болмайтын еді. Еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы-өз қолымызда. 
Төлеген Даяна 203-топ қазақ филологиясы