Қазақ жері - білектің күшімен, найзаның ұшымен келген киелі мекен. Ата-бабамыз аманат етіп қалдырған жерде бүгінге күнге дейін айтса нанғысыз бірнеше өзгеріс болды, еліміздің даму жолында ерен еңбек, қажырлы күш жұмсалды. Нәтижесінде әділетті әрі дамушы Қазақстанның сатыларынан өтудеміз.
Президентіміз Қасым-жомарт Кемелұлы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауында бірнеше сала бойынша өзекті мәселелерді, жасалып жатқан шараларды және нәтижелерді атап өтті.
Осы тұста ерекше көңіл бөлініп жатқан білім саласы туралы айта өтуді жөн көрдім. Қазақстанның білім беру жүйесі даму үстінде. Егер елдің экономикасын дамытуды көздесек, білім саласына аса қатты көңіл бөлгеніміз абзал. Өйтені еліміздің болашағы өскелең жастардың қолында екені даусыз. Сәйкесінше оқушылар мен студенттерді қолдау мақсатында мемлекет тарапынан ынталандыру қаржылары, шәкіртақы қарастырылған. Бұл жастардың “еліне пайдалы болу” ниетін одан әрі жандандыра түсетіндей.
Расында, Қазақстан - мүмкіндіктер мекені. Дана қазақ “білімдінің күні жарық” деп бекер айтпаған. Өзіне не керек екенін білетін, бәсекеге қабілетті тұлға ғана “кірпіш дүниенің кетігін тауып қалана алады. Міне, осындай тұлғаларды қалыптастыру-біздің міндет. Сол себепті Қазақстанның болашағы-білімді жастардың қолында!
Асылбек Сымбат, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті, 4-курс