Еркіндік пен теңдік, егемендік пен тәуелсіздік қай халық үшін де ежелден аса қадірлі ұғымдар. Мұны түсіну үшін «елім» деп зор жүрек, «жерім» деп соққан жан пида сезім керек. Ғасырлар бойы аңсаған азаттыққа қол жеткізген соң, бастағы бағымыздың баянды боп, мәңгі тұруы үшін аянбай еңбек ету – басты мақсат. Әсіресе, алды-артыңа қарауға мүмкіндік бермей зулаған заманда ел болып өткеніңе есеп беріп, болашағыңа нық жоспар жоспар құрудың маңызы зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күні кеше халыққа жолдауы барысында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелерді қамтып өтті. Әсіресе, әр жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің Жолдауы 2024-2025 жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі, қоғам назарын ерекше аударғаны анық.
Жыл сайын дәстүрге айналған Президент жолдауы осы жылы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталды. Жолдауда еліміздің дамуы жолдары айқындалып, соңғы бес жылда елімізде ауқымды рейормалар жасалынғанын және қазақ халқы жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатқанын, еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгергені жөнінде тілге тиек етті. Президент Жолдауы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді деп ойлаймын. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызы зор. Алдымен кезекті сессияның ашылуымен халықты құттықтап, өткен жылғы жолдау аясында жүргізілген жұмысиың жемісті болғанын, атап айтқанда, 102 заң қабылданып, оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар барын және ғылым мен технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енгенін атап өтті.
Жолдаудағы негізгі бастамалардың басым бағытында ақша-несие саясаты мен фиксалды саясаттың арасындағы үйлесімділікті жою, кәсіп жүргізуге қажетті жағдайларды жасау, еліміздің кадрлық әлецетін біртіндеп жақсарту, экологиялық ахуал мен ұлт саулығын нығайту мақсатында кешенді шараларды қолға алу және қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру сынды ел тағдыры мен тарихында айырықша маңызы бар мәселелер қозғалды.
Мемлекет басшысы биылғы жолдау барысында еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екеніне тоқталды. Атап айтқанда, экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету, ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою, болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керектігіне баса тоқталып өтті. Бұл бағытта елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастағанын, оларға мейлінше қолдау көрсету керектігін де айтылып кетті. Президенттің айтуынша, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырыс біртіндеп көбейтіліп, үздік университеттердің нақты сектормен байланысы нығаяды. Сондай-ақ ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасын әншейін «академиялық туризмге» айналдырмау керектігі де ескертілді.
Ақгүлім Ерболқызы
Филология факультеті
Әдебиеттану мамандығы
4-курс студенті