1-курс студенттеріне бағдар беру апталығы басталды

2024 жылдың 3 қыргүйек күні Қазақ филологиясына түскен бірінші курс студенттерімен бағдар беру апталығында Филология факультеті Ақымет Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, эдвайзер Жанат Сәрсенбай ҚФ-103 тобымен университеттің оқу ғимараттары мен Әл-Фараби кітапханасымен таныстырды. Әр оқу жылының басында университетімізге түскен 1 курс студенттеріне арналған кітапханалық-библиографиялық сабақтар мен кітапхананы таныстыру экскурсиялары жүргізіледі. Іс-шараға қатысушылар кітапхана тарихымен танысып, оқу залдарын аралады. Кітапхана ішінде мұражайды, Абай институтының жұмыс орнымен, Абай залын және Интернет-ресурс залымен толық танысып, танымдық жұмыс жүргізілді. Биыл ашылған «Әл-Фараби кітапханасынан естелік болар бір сәт» суретке түсу орынында естелікке суретке түстік.
Басқа жаңалықтар

