Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетінің 1-курс студенттеріне «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне және А.Байтұрсынұлының туған күніне орай А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Анар Бекмырзақызы Салқынбай көшбасшылық дәріс оқыды. Ғалым ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының қоғамдық қызметі мен ғылыми зерттеулеріне талдау жасады. Қазақ әліпбиін қалыптастыру мен дамытудағы рөліне тоқталды. Студенттерге ой саларлық тағылымы мол дәріс болды.
Басқа жаңалықтар
21 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024