Бүгін, 2-қыркүйекте Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының ұжымы кафедраның 1-курс студенттерінің қатысуымен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, соңынан талқылады. Жиын барысында Философия және саясаттану факультетінің деканы, филос.ғ.к, қауымдастырылған профессор Мейрбаев Бекжан Берікбайұлы, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, филос.ғ.д., профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызының баяндамалары тыңдалды.
Жолдауда айтылған мәселелердің маңыздылығына егжей-тегжейлі тоқталып, Президент алға қойған 9 негізгі реформаны орындау жөніндегі міндеттер мен тапсырмалардың өзектілігін атап өтті.
Жолдаудағы бастамалар Әділетті Қазақстанды құру жолында елеулі өзгерістер енгізетіні сөзсіз, сондықтан осы игі істерді жүзеге асыру үшін бірлесіп жұмыс істеу маңызды екеніне тоқталды.
Атап айтқанда, «Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды» туралы тапсырмасында жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастыру нәтижесінде елімізде жұмыс жасап жатқан шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орнына мейлінше қолдау көрсетіп, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейту қажеттігін айтты. Бұл ретте грант құны жастарды сапалы оқытуға мүмкіндік беруге тиіс. Үздік университеттердің нақты сектормен байланысын нығайту керек. Инновациялық саясатты еліміздің ғылыми-технологиялық басымдықтарымен үйлестіру қажет, себебі мұндай қадам әр саладағы инновацияға серпін береді және жоғары оқу орындарындағы қолданбалы ғылымның әлеуетін арттырады. Сонымен қатар ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасын әншейін синекураға және «академиялық туризмге» айналдырмау керек.
Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. «Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жолдау жас ұрпақ тәрбиесімен қатар, ел тұрақтылығындағы өзекті мәселеге арналды