Қазақстанның Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі туралы көшбасшылық дәріс

4 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 27 тамызында 13 және 15 ТДМ іске асыру аясында РМК «Қазгидромет» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Нурлан Нусипбаевич Абаев «Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметі туралы» тақырыбында көшбасшылық дәріс өткізді. Дәріс университетіміздің метеорология және гидрология кафедрасының студенттеріне арналған.

Дәріс барысында студенттер Қазақстанның ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің негізгі міндеттерімен, оның ішінде РМК «Қазгидромет» жүргізетін метеорологиялық, агрометеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүйелерімен танысты. Қазгидрометтің басым міндеттерінің бірі болып табылатын климаттың өзгеруі мен оның жүйелі бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, Нурлан Нусипбаевич Абаев атмосферадағы ластаушы заттардың концентрациясының өзгеруін болжаудың маңыздылығын атап өтті, бұл елдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін уақытылы шаралар қабылдауға мүмкіндік беретіні жөнінде атап өтті. Дәріс студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, Қазақстанның экожүйелерін сақтау және тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісінде гидрометеорологиялық қызметтің рөлі мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Қызықты және ақпаратқа толы дәрісі үшін Нурлан Нусипбаевич Абаевқа алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!