1-курс Геоинформатика білім беру бағдарламасының студенттеріне «Тіл ақылдың - өлшемі» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтілді

5 қыркүйек, 2024

  Қыркүйектің 5-і күні «2024-2025 оқу жылының Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне арналған бағдарлама» аясында «Тіл ақылдың - өлшемі» тақырыбында Геоинформатика білім беру бағдарламасының студенттеріне топтың эдвайзері Қырғызбай Қ.Т. ашық сабақ өтті. Ашық сабақ дебат-дисскусия ретінде көрініс тауып, көптеген тілге қатысты мәселелер көтерілді. Ең алғашында, тілдің дамуы мен адамға әсері, тілдің қоғамдағы рөлі, сонымен қатар коммуникация құралының маңыздылығына тоқталды. Сауатты, әрі әдепті сөйлеу ҚазҰУ студентінің алға қойған мақсаты екендігі баяндалды.

  Қазақ тілі апталығының мақсаты: Студенттерге ана тілін құрметтеп, ақылды, салмақты сөз айтуға, ойын нақты, жүйелі жеткізуге, тапқыр оймен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, адамгершілікке баулу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

  Сонымен қатар, тіл апталығына сәйкес көптеген мақал-мәтелдер айтылды:

  Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Бұл - ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.

   Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

   Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

   Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам бола алмайсың.