Әр халықтың тілі әдемі және керемет

5 қыркүйек, 2024

Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде №4. Сапалы білім

Университетте Қазақстан халықтарының тілдері күніне және қазақ жазуының негізін салушылардың бірі Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне арналған шағын іс-шара өтті. Студенттер әр тілде өлең оқып, тіл алуандығы мен Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығына арналған викторинаға қатысты, сонымен қатар «Қазақ» қоғамдық-саяси газетінің құрылуына арналған қойылым көрсетті. Шарада ана тілдері мен мәдени мұраны сақтау мен дамытудың маңыздылығы айтылды.

Ұйымдастырушы: Дүниежүзі тарихы тарихнама және деректану кафедрасының доценті Абдукадыров Н.М., Беделова Г.С.