Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Технологиялар мен креативті индустрияларды коммерцияландыру орталығы «Ғылым қоры» АҚ "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті" ММ атынан 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың неғұрлым перспективалы жобаларын гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетінін хабарлайды.
Конкурстық құжаттама «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» ММ сайтында орналастырылған.
Конкурстық құжаттар 2025-2027 (қаз)
Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 9 қыркүйегінде басталады.
Өтінімдерді қабылдауды аяқтау мерзімі – 2024 жылғы 9 қазан.
Конкурстық өтінімдер мына сілтеме бойынша www.is.ncste.kz
Сараптама орталығының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ААЖ) арқылы жоба тобы мүшелерінің, жоба жетекшісінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрде қабылданады.
Сараптама орталығының www.is.ncste.kz ААЖ-мен жұмыс бойынша, өтінімдерді тіркеу және ЖТН алу үшін +7 727 355 5002 (ішкі: 207, 208, 210, 211, 212, 214, 215, 216, 217, 219, 220, 222, 223, 224, 226, 227, 228) телефондары бойынша хабарласуға болады. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге дейін.
Конкурстық құжаттаманы түсіндіру және өтінімді дайындау мәселелері бойынша кеңесті 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап алуға болады. Телефондар: +7 7172 79 98 67 (ішкі нөмір: 1051, 1054), +7 7172 79-98-70, 79-98-71 (ішкі нөмір: 1012, 1014, 1021, 1033). Жұмыс уақыты: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін.
Онлайн конференциялар мына сілтеме бойынша:
https://us06web.zoom.us/j/83052478908?pwd=y6DDxflONTQybfHv98mD7n0aKnvakZ , Zoom конференция идентификаторы: 830 5247 8908, кіру коды: 011676.
Осыған орай, барлық факультет декандарынан, ғылыми-зерттеу институттарының директорларынан, сонымен қатар университеттің бүкіл ғылыми қауымдастығынан конкурстық құжаттамамен танысып, осы байқауға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз!
Сондай-ақ Коммерцияландыру технологиясы және креативті индустрия орталығы конкурстық өтінімді ресімдеуге жан-жақты көмек көрсететінін еске саламыз.
Коммерцияландыру технологиясы және
креативті индустрия орталығы