Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы И.К.Азимбаева 2024 жылдың 5 қыркүйегінде «Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығының 2 курс студенттерімен «ТДМ 4. Барлығын қамтитын және сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаға өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандырудың» нақты шараларын талқылау мақсатында және 2024-2025 оқу жылының Қазақстан халықтарының тілдер күні керекесі қарсаңында «Тілге құрмет - елге құрмет» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
«Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмасқа тиісті. Әр ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұр». Мағжан Жұмабаев жалпы тіл атаулының, сол орайда қазақ тілінің де өзіндік тарихтық сипаты, танымдық жағы туралы міне осылай дейді.
Ашық сабақ барысында шетелдік студенттер қазақ тілі, түрікмен тілі, өзбек тілі туралы, тілге құрмет жайлы мағлұматтарды мысалға келтіріп, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру жолдары туралы сөз қозғап, тіл саясаты мәселелері туралы талқылады.