«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм».

2 қыркүйек, 2024

    Қыркүйек айының 2 жұлдызында геодезия және картография мамандығының 2-курс  студенттері президентіміз  Қ-Ж. К. Тоқаевтың жолдауын талқылап керек жерлерін түртіп алдық.

    Мақсаты:  Студенттерге Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын таныстыру, насихаттау, түсіндіру.

    Мемлекет басшысының жолдауы негізгі әлеуметтік сауалдарға жауап береді және жедел және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін нақты құралдарды ұсынады.

    Президент ұсынған реформалар еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде көптеген жаңашылдықтың болатынын көрсетіп берді.

    Президент Жолдауында еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды екеніне тоқталды. Атап айтқанда, экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету, ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою, болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керектігін атап өтті. Осы орайда студенттерімізге тәртіпті, білімді , білікті маман болуға шақырдық.

    Осы мақсатпен –  қабылданған әр реформаларды қолдап, оны жүзеге асуына өз үлесімузді қосамыз деген студенттердің қызу қанды  пікірімен тәрбие сағатымызды аяқтадық.