- Басты бет
- Жаңалықтар
- Картография және геоинформатика кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің Халыққа жолдауымен танысты
Картография және геоинформатика кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасы Президентінің Халыққа жолдауымен танысты
Қыркүйек айының 2-ші жұлдызында География және табиғатты пайдалану факультетінің 1-курс студенттеріне арналған факультет және кафедралармен таныстыру кездесуін өтті. Жиын барысында факультет деканы Ақтымбаева А.С. жаңадан түскен студенттерді құттықтап, оқу жылын білім және белсенділікке арнау қажеттігін атап айтты. Сонымен қатар, картография және геоинформатика кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары т.ғ.к., аға оқытушы Қумар Дәурен Бақдәулетұлы кафедраның атқаратын қызметі мен білім беру бағдарламалар тобымен таныстырды.
Сонымен қатар, күн тәртібіне сәйкес студенттер Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Қазақстан халқына Жолдауымен» танысты. Студенттерге аса өзекті мәселердің бірі жатақхана мен тұратын орынмен қамту Жолдаудың үшінші бағдары, атап айтқанда ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция бағдарында атап айтылып кетті.