Тіл - Ұлт тірегі!

5 қыркүйек, 2024

    Қыркүйек айының 5-і күні Геодезия және картография мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Тіл Ұлт - тірегі!» тақырыбында тәрбие сағаты    өтті.

    Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі -  қазақ халқының ана тілі. Қазіргі таңда, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Амал не, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі қазақ тілін жақсартып, көтермеуіміздің қадерлі дерті болып табылады десек те артық етпес.

     Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың «Ұлт болғың келсе, бесігіңді түзе» деуі тегін айта салған сөз емес. Бұл сөздердің астарында үлкен мағына жатыр. Біздің тіл биіктігімізді, ұлттық бейнемізді сақтап қана қоймай, оны дамыта беруге арнаған көрегендік сөзі деп түсінгеніміз жөн. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда тіл туралы көптеген қоғамдық көзқарас қалыптасу үстінде. Көпұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәребесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету күрделі мәселенің бірі.

    Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Ия, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Дегенмен, ата ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, құрметтеуді, аялауды қолға алу керек. Өз тілінде сөйлеуден безу - ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.