2024 жылдың 11 қыркүйегінде «ҚазҰУ Green Campus» жобасы аясында философия және саясаттану факультеті тазалық аптасы акциясына қатысты. Осыған орай, факультет деканы Б.Б.Мейрбаев, философия кафедрасының оқытушылары мен кураторы, 2 курс студенттері іс-шараға белсене атсалысты. «ҚазҰУ Green Campus» бағдарламасы университет қызметкерлері мен студенттері арасында экологиялық таза кампус құруға бағытталған маңызды іс-шара болып табылады. Тазалық апталығының мақсаты – қатысушыларды кампуста тазалық пен тәртіпті сақтауға белсенді қатысуға, сондай-ақ қоршаған ортаға құрметпен қарау әдеттерін қалыптастыруға ынталандыру. Кампустың әртүрлі бөліктерінде жұмыс істеу үшін арнайы топтар құрылды. Жаппай сенбілік шаралары өтіп, қатысушылар қоқыстарды жинап, жасыл аумақтарды тазартып, қоғамдық орындарды ретке келтірді.