Шығыстану факультетінің жатақханада тұратын студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің Ар-намыс Кодексімен танысты

12 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 11 қыркүйегінде шығыстану факультетінің деканаты жатақханада тұратын   студенттермен жиналыс ұйымдастырды. Жиналыста жатақханада тұру ережелері туралы айтылды. Сонымен қатар, студенттер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің Ар-намыс Кодексімен танысты.   Жиналыс факультет деканы Н.Б. Ем., шығыстану факультетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ш. Е. Қанафьева және аға куратор-эдвайзер А. А. Еслямгариевтің қатысуымен өтті. факультет деканы Н.Б. Ем факультеттің студенттік қоғамдастығы үшін төл университетіміздің басты  миссиясын іске асыру барысында үшін өз жауапкершілігін сезінудің маңыздылығын ерекше атап көрсетті.  Факультет басшысы, сонымен бірге, факультет студенттері университет қауымдастығының бірлескен мəдениетін қолдау мен дамытуды, ҚазҰУ-дың Қазақстан Республикасындағы кəсіби мамандарды дайындаудың жетекші орталығы жəне отандық білім берудің көшбасшысы ретіндегі имиджін сақтауды өзінің міндеті деп қарау керек екенін ерекше атап көрсетті.

Дәулет Ф.Н.