Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың маркетинг мамандығы бойынша оқитын студенттері Орталық Азия жарнама қауымдастығының конференциясында жеңіске жеттi

12 қыркүйек, 2024

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың маркетинг мамандығы бойынша оқитын студенттері Орталық Азия жарнама қауымдастығының конференциясында жеңіске жетіп, «Окори» жарнама агенттігінде тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.

 

Жақында Алматыда өткен CAPA конференциясы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері үшін айтулы оқиға болды. Құрамында Дильназ Хусаинова мен Асель Сағындықова бар маркетинг мамандығының 4-курс командасы Forte Bank Black картасын цифрлық жылжыту тақырыбындағы презентациялары үшін бірінші орынды иеленді.

Конференция барысында студенттер инновациялық стратегияларды және цифрлық маркетингті терең түсінуді көрсетіп, банк өкілдерінің назарын аударды. Жұмыстары үшін команда сыйлықтармен марапатталды және жетекші Okori жарнама агенттігінде тағылымдамадан өтуге бірегей мүмкіндік алды. 

Окориде тағылымдамадан өту студенттерге алған білімдерін іс жүзінде қолданып қана қоймай, сонымен қатар табысты сала мамандарымен кездесуге мүмкіндік береді, бұл олардың мансаптық өсуіне оң әсер ететіні сөзсіз.

Студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз және кәсіби жолының жаңа кезеңінде сәттілік тілейміз.