ТДМ 4 - Сапалы білім. «Каспий теңізінің антропогендік-техногендік ластануы»

12 қыркүйек, 2024

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында өткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында «Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» бөлімі бойынша «Каспий теңізінің антропогендік-техногендік ластануы» тақырыбында жоба дайындаған «Табиғи –техногендік қауіп-қатерлер» мамандығының 4 курс студенті Ишпекбаева Айым Касымхановна ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Т. Ешенқұловтың қолы қойылған ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.
      Біз Айымға жаңа білімге деген құштарлық, зерттеуге деген құмарлық, табандылық және идеяларыңыз жаңа және ерекше болсын, ал шешімдеріңіз инновациялық және серпінді болсын тілек білдіреміз.