«Тіл – халықтың мұрасы» тақырыбындағы челленджі
2024 жылдың 5 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Педагогика және білім берудегі менеджмент» кафедрасының білім алушылары Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тіл – халықтың мұрасы» тақырыбында челленджұйымдастырды. Жоба жастарды халқымыздың мәдени мұраларын сақтауға үлес қосуға тарту арқылы БҰҰ-ң 11-ші тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру мақсатын көздеді.
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттері бастамашылық еткен челлендж Ахмет Байтұрсыновтың мемориалдық мұражайынан басталды. Эстафетаны Алматы қаласының Достық Үйінен ҚазҰУ бейінді мектебінің оқушылары, оқу корпусынан «Педагогика және психология» мамандығының студенттері және өзге де білім алушылар жалғастырды.
Жастар қазақ халқының белгілі ақындарының танымал өлеңдерін ерекше сезіммен орындады. Өлең оқуды тамаша музыкамен сүйемелдеген орындаушылар өзгеше эмоциялық әсер қалдырды.
Бейнероликті мына сілтемеден қарауға болады:
https://www.instagram.com/reel/C_siJBpMCNq/?igsh=MWZ1dDNoc2QyaHY2ZQ==