Түлектердің бас қосуы

13 қыркүйек, 2024

13 қыркүйекте философия және саясаттану факультетіне 1969-1974 жылғы факультеттің түлектері келді. Түлектерді Орақ Жолмырзаұлы Әлиев – «Тұран» және «Тұран-Астана» университеттерінің профессоры, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің, Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Қорқыт Ата, Қазақстан экономика ғылымдары академиясының академигі, М.В.Ломоносов атындағы ММУ философиялық-экономикалық ғылыми жиналысының толық мүшесі, экономика философиясы Академиясының толық мүшесі (Ресей), ТМД және Балтық елдерінің халықаралық саяси экономикалық қауымдастығының мүшесі арнайы өзі бастап келді. Алдымен түлектер бір кездері студент болып дәріс тыңдаған №316 дәріс залына барып көздеріне жас алды, себебі, өмірлеріндегі ең қымбат сәті – жалынды жастықтары осы дәріс залының қабырғасында өткен еді. Одан соң философия кафедрасының жас мамандарымен кездесіп, ақыл-кеңестерін айтты. Бір кездері дәріс оқыған ұстаздарының есімдерін тізіп, олардың өмірге деген көзқарастарын қалыптастырудағы рөлін баяндады. Университтің тірегі – ұстаз болса, оның нәрімен сусындайтын, әрине, студенттер ғой. Кездесудің ең ыстық сәті түлектеріміздің студенттер семинар сабағын өтіп жатқан аудиторияға келуі болды. Бұнда өмірге толыққанды араласқалы отырған бітіруші 4 курс студенттеріне түлектеріміз өздерінің жүрек жарды тілектерін айтып, баталарын берді. Университет партасына соңғы рет 55 жыл бұрын отырған түлектеріміз үшін сол партаға қайта отыру – ерекше сәт болды. Студенттермен қатар отырған түлектер ерекше сезімге бөленіп, естелік суреттерге түсті. Кездесу соңында Орақ Жолмырзаұлы Әлиев өзінің сұхбатында факультет болашағының жарқындығына және жастардың азаматтық әрі ғылыми потенциалына жоғары баға берді. Аталмыш кездесуден естеліктерді назарларыңызға ұсынамыз!