«Әділетті Қазақстан құру жолында жастардың міндеті қандай?!» Президентіміздің жолдауы аясында студенттер арасында талқылау сабағы өткізілді

6 қыркүйек, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультетінің қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы Бекбауова Жұлдыз Маратқызы факультетттің 6B02205 - тарих мамандығының 1 курс студенттерімен биылғы жылдың 2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына "Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм" атты жолдауы аясында «Әділетті Қазақстан құру жолында жастардың міндеті қандай?!» атты сутденттер арасында талқылау сабағын өткізді.

Биылғы жаңа оқу жылымен тұспа - тұс келген еліміздегі жаңа саяси кезең ерекше орын алды. Себебі биылғы бірінші курс студенттері алғаш рет университет қабырғасында отырып Президентіміздің жолдауын тыңдады. Бұл өз кезегінде студенттерге ерекше әсер беріп және жауапкершілікті тереңірек сезінуге мүмкінді берді. Студенттер жолдауда айтылған ел басқару жүйесі, әділетті Қазақстан және білім саласына қатысты ойларын ортаға салды. Студенттер жолдауға арналған талқылаудан қажетті ақпарат алып, алға қарай маңызды құжаттағы бағыттарды дамытуда белсенділік танытындарын жеткізді.

Еліміздің болашағы жастардың қолында білім мен тәрбиені қатар алған Тарих факультетінің студенттері ел дамуында қосатын үлестері көп екеніне сенім білдіреміз.