Тұрақты қаржыландыру бойынша онлайн-курс ұйымдастырылды

17 қыркүйек, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Пан Ги Мун атындағы Тұрақты даму институтының үйлестіруімен ҚазҰУ студенттеріне арналған тұрақты қаржыландыру және импакт-инвестицияландыру бойынша халықаралық онлайн-курсы басталды.

Берклидегі Калифорния университеті Еврей университетінің MBA бизнес мектебімен серіктестікте магистратураның даму практикасы (MDP) бағдарламасына қатысушы университеттер шеңберінде тұрақты қаржыландыру және импакт-инвестицияландыру бойынша үш айлық курсты ұйымдастырды.

ҚазҰУ 2011 жылдан бастап MDP мүшесі болып табылады. MDP –  студенттерді тұрақты даму мәселелерін анықтауға және шешуге дайындайтын пәнаралық магистратура бағдарламасы. Бағдарлама дамудың жалпылама тәжірибешілеріне, даму практиктерінің мамандарына, саясат әкімшілері мен саясат мамандарына, жеке сектор мамандарына және тәрбиешілерге арналған.

2024 жылдың 17 қыркүйегінде Иерусалим саяси зерттеулер институтының Милкен инновациялық орталығының профессоры Гленн Яго мен профессор Стивен Зехер тұрақты қаржыландыру және импакт-инвестицияландыру бойынша онлайн-курстың тәжірибелік кіріспе семинарын өткізді. Семинарға 60-тан астам тыңдаушы, оның ішінде ҚазҰУ-дың 25 студенті қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі