Экономика

5 қараша, 2015

Болашағы зор әрі сенімді әріптестік

ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ескі дәстүр бойынша университеттің белсенді студенттерімен кездесті.

Белсенді жастар үшін кездесу - ректормен еркін пікір алмасуға үлкен мүмкіндік. Кездесу аясында студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары атқарылған жұмыстардың тізімін баяндады.

Іс-шара барысында көптеген тақырыптар қозғалды: білім беру үдерісінің сапасына баға беру, тұрмыстық-әлеуметтік және тамақтандыруды бақылау, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, академиялық құқық бұзушылықпен күрес, құқықтық бақылау. Студенттердің ғылыми қызметіне ерекше көңіл бөлінді. Бірде бір сұрақ ректордың назарынан тыс қалмады.

Ғ.Мұтанов ҚазҰУ брендін дамытып және университете лайық имидж қалыптастырып отырған студенттерге алғыс білдірді. «Біздің университетте нәтижеге бағытталған басқару жүйесі жұмыс жасайды. Және ғылым мен білімді дамытуға барлық жағдай жасалған», - деді ректор.

Тәрбие ісі жөніндегі департамент директоры Мендігүл Ноғайбаева ҚазҰУ-дың өзін-өзі басқару ұйымдары әлеуметтік әріптестік негізінде жұмыс жасайтынын ерекше атап өтті. «Басқарудың бұл түрі өте тиімді. Ол университетті басқарудағы жауапкершілік пен рөлдерді университет әкімшілігі мен белсенді студенттер арасында бөліп басқаруға мүмкіндік береді.

Кездесу ашық диалог түрінде өтті. Белсенді жастар ректорға студенттердің барлық бастамаларына қолдау көрсетіп отырғанына алғыс білдірді. Іс-шараға Алматы қаласының жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Сыдықов қатысты.

Кездесуді қорытындылай келе, Ғ.Мұтанов өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді мүшелерінің жеткен жетістіктерін атап, оларға «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ге 80 жыл» мерейтойлық төсбелгілерін табыстады. Бул марапатқа ҚазҰУ түлегі, Алматы қаласының жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Сыдықов та ие болды.

Кездесу аясында факультеттердің студенттік ұйымдарымен бірлесіп көрме ұйымдастырылды. Көрмеге стендтер, плакаттар, буклеттер, кубоктар, алғыс хаттар мен ғылыми және спорттың жетістіктердің сертификаттары, әдістемелік оқулықтар, жас ғалымдардың мақалалары және т.б. қойылған. Студенттік ұйым өкілдері өздерін республикалық, халықаралық олимпиадалар мен конференциялардың, зияткерлік ойындар мен спорттық жарыстардық қалалық және республикалық мерекелердің, әлеуметтік іс-шаралардың, акциялар мен флешмобтардың белсенді қатысушылары екенін көрсетті.