Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасына Эразмус бағдарламасы аясында түрік профессорлары келіп дәріс оқыды

19 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 17 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті, Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасына Түркия Республикасынан Еразмус бағдарламасы аясында арнайы қонақтар келді. Эскишехир Османгази университетінің доценттері PhD Ферди Бозкурт пен PhD Фатих Догру мырзалар кафедра студенттеріне «Dil gücü endeksi ve Türkçenin gücü» және «Yer tutucu terimi ve dilbilimsel bir kavram» тақырыптарында дәріс оқыды. Қонақтарды кафедра меңгерушісі М.Ш. Эгамбердиев, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары А. Халел, ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары Э. Дулаева және басқа кафедра профессор-оқытушылар құрамы жылы қарсы алып, факультет пен кафедраның қызметі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры профессор З. Шадкам орталықтың мақсаттары мен ғылыми жұмыстары туралы ой бөлісті. Ерасмус бағдарламасы аясындағы бұл сапар екі университет арасындағы ғылыми және білім беру байланыстарын нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз. Ферди Бозкурт пен Фатих Догру мырзалардың дәрістері студенттер мен оқытушылар үшін құнды мәліметтер ұсынды және тіл білімі мен түрік тілінің рөлін жаңа қырынан тануға мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар екіжақты ғылыми ынтымақтастықты тереңдетіп, болашақта бірлескен жобаларға негіз бола алатынын көрсетті.