ТҮРКИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

20 қыркүйек, 2024

    2024 жылдың 19 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультеті Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен ғылыми семинар өтті.

      Ғылыми семинарда Түркиядан Еразмус бағдарламасы аясында келген қонақ оқытушылар ғылыми семинар өткізді. Анадолу университетінің доценті, PhD Ферди Бозкурт  «Scopus, Web of Science, SSCI т.б. мәліметтер базасында индекстелетін халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялау» мәселесін тілге тиек етті. Эскишехир Османгази университетінің доценті, PhD Фатих Догру «Диалектология саласындағы зерттеулердің мақсаты мен әдістері тақырыбында баяндама жасады.

     Ғылыми семинарға Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының оқытушы-профессор құрамы мен докторанттар қатысты. Семинарда кафедра меңгеруші, т.ғ.к., доцент М.Ш.Эгамбердиев модераторлық жасады.

     Баяндамашы PhD, доцент Ферди Бозкурт Scopus, Web of Science, SSCI т.б. мәліметтер базасында индекстелетін халықаралық ғылыми журналдарда мақала жариялау жайында жан-жақты ақпараттар ұсынды. PhD, доцент Фатих Догру диалектологиялық зерттеулердің мақсаты мен әдістері және Түркиядағы диалектологияның өзекті мәселелері жайлы егжей-тегжейлі баяндап берді.

   Ғылыми семинар оқытушылар мен жас ғалымдар тарапынан аса қызығушылықпен қабылданып, көптеген сұрақтар қойылды және сұрақтарына баяндамашылар тарапынан толыққанды жауаптар алынды. Ғылыми семинар өте мазмұнды және пайдалы ақпараттарға толы өтті. 

 

Құрманәлі А. А.