- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫНДА «ЧУСОК» МЕЙРАМЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ КУРС СТУДЕНТТЕРІ МЕН БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫНДА «ЧУСОК» МЕЙРАМЫ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ КУРС СТУДЕНТТЕРІ МЕН БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ
2024 жылдың 19 қыркүйегінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында Алматыдағы Корея Республикасының Білім беру орталығының қолдауымен «Чусок» және «Сонбе мен хубе арасындағы кездесу» іс-шаралары өтті. «Чусок» – корей халқының ең ірі ұлттық мерекелерінің бірі, ол ай күнтізбесі бойынша 15 тамызда атап өтіледі. Бұл мереке күзгі жиын-терім кезеңімен сәйкес келіп, молшылық пен игіліктің символы ретінде корей халқы үшін үлкен маңызға ие және олардың ұлттық мәдениеті мен тарихын көрсетеді. «Сонбе мен хубе арасындағы кездесу» – жаңа студенттерді аға буынмен таныстыруға бағытталған кафедраның дәстүрлі іс-шарасы. Іс-шараға Қиыр Шығыс кафедрасының (корейтану бөлімінің) 1-4 курс студенттері қатысты. Мереке кафедра меңгерушісі Абаған А.-ның құттықтау сөзімен басталып, студенттерге «Чусок» мерекесінің мәні қысқаша түсіндірілді. Студенттер дәстүрлі корей тағамдары «сонпён» және «инджольми»-ден дәм татты, кейін музыкалық қойылымдарға (к-поп билері, әндер, домбырада ойнау және т.б.) қатысты. Іс-шара «ханбок» киімінде естелікке суретке түсумен аяқталды. Бұл іс-шараның студенттер үшін корей мәдениетімен танысып, өзара достықты нығайтудың ұмытылмас тәжірибесіне айналатынына сенімдіміз.