Алатау (Талдыкорган)

5 қараша, 2015

ҚазҰУ - киелі қара шаңырақ

АЛТЫНДАЙ БОП АЙНАЛАНЫ ЖАПҚАН САП-САРЫ ЖАПЫРАҚТАРМЕН ҚҰЛПЫРҒАН КҮЗДІҢ КЕРЕМЕТ КӨРІНІСІНЕ КӨЗ САЛСАМ ОЙЫМА ӨТКЕН КҮННІҢ, ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ЖАРҚЫН ЕСТЕЛІКТЕРІ ОРАЛАДЫ.

Дәл осы уақытта, дәл осы мезгілде былтыр біз он бірінші сынып оқушылары ҰБТ-ға күн демей, түн демей дайындықты бастаған болатынбыз. Алдымыздағы ұлы белесті бағындырып, ата-анамыздың үмітін ақтап, өзіміз қалаған жоғарғы оқу орнына түсу үшін қиялымызға қанат бітіріп, бар күшімізді білімге арнаған едік. Ұлағатты ұстаздарымыздың өлшеусіз еңбегі мен өзіміздің таудай талабымыздың арқасында сынақтан сүрінбей өтіп, білімімізді дәлелдеп шықтық.

Мен үшін өткен жыл ерекше сәтті болды. Себебі, әр оқушы білімнің биік шыңына балайтын респубпикалық пәндер олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен жүлдегер атандым. Бұл менің болашағыма, көктен нұрын төккен күн шуағындай жылу сыйлады дөп айтсам қателеспеймін. Өйткені, олимпиададан алған жеңісім, талай жыл армандаған білімнің алтын ордасы, киепі қара шаңырақ ҚазҰУ-ға түсуіме үлкен көмегін тигізді. Аз ғана уақыт ішінде екінші үйіме айналып үлгерген - ҚазҰУ мен үшін өте кымбат. Олай болуы да заңды.

ҚазҰУ - ол сан мыңдаған жас түлектің арманының асқағы, жарқын болашағының бастауы. Арайлап атқан әр таңының өзі жаныңды жылытып, санаңды сергітетін керемет күшке ие. Әсіресе, ҚазҰУ қалашығының тамаша көрінісі кез келген адамға ерекше қуат беретіндей. Сапалы білім, саналы тәрбие» қызықты студенттік өмір, әдемі табиғат бұның бері менің сүйікті қалашығымнан табылады. Бүгінде мен кезінде Мұхтар Әуезовтей даналар мен даралар сабақ бөрген талай жылдық тарихы бар Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде білім алудамын. Ұстаздарымыздың қызық та күрделі, әр дәрісі менің өмірге деген көзқарасымның жақсы жаққа қарай өзгеруіне, білімге, қазақ тілі мен әдебиетіне деген құштарлығымның артуына үлкен септігін тигізуде. Ұлылардың ізі қалған, қазақтың талай асылдары түлеп ұшқан ұлтымыздың ең қасиетті білім ордасында оқуым, менің бойыма шексіз мақтаныш сезімін ұялатады. Сондықтан да мен дәл осы университеттен елі үшін талмай еңбек ететін, білімді де білікті жастың бірі болып шығарыма сенімім мол. ҚазҰУ - қаншама тағдырлар тоғысатын, біпімнің кәусарымен сусындататын кемел келешекке жетелейтін киелі қара шаңырақ. Бала кезімнен бастау алған ҚазҰУ-ға түссем деген арманымның ақиқатқа айналғаны үшін мен өте бақыттымын.

Меруерт ИМАНҒАЗИНА, ҚазҰУ, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті