Тіл – өлшеусіз қазына

24 қыркүйек, 2024

«Қазақстан халқының тілдері күні» апталығы аясында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедра­сы­ның оқытушылары шетелдік студенттерге «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақыры­бын­да іс-шара өткізді.

Кафедраның оқытушылары мереке жайында, тілдің мәні туралы шетелдік студенттерге түсіндіріп, бейнежазба, та­ным­дық тапсырмалар, тілдің құ­ді­реттілігіне байланысты му­зы­калық шығармалар ұсынды.

 Өткен іс-шараның жалпы мақсаты – шетелдік студент­тер­дің мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді үйренуіне, тілдің әлеуметтік-коммуни­ка­тив­тік қызметін кеңейтуге ар­нал­ды. Сондай-ақ тіл байлығын дамытуға байланысты қолдау көрсету, ынталандыру, тіл­дер­ге сүйіспеншілік пен қызы­ғу­шылықты, достық пен өзара түсінушілікті насихаттауға ба­ғыт­талды.

Іс-шараға Қытай, Корея, Жа­пония және басқа да ел­дер­ден келген шетелдік сту­дент­тер қатысты.

 Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының аға оқытушысы А.Қазмағамбетова сөз алып, Қазақстан халқы тілдерінің кү­ні ерекше мереке екеніне, себебі 5 қыркүйек – қазақ тіл бі­лімі мен әдебиеттану ғылым­да­рының негізін салушы, ағар­тушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қазақстанда түрлі ұлттар мен ұлыстар өмір сүретінін, олардың әрқай­сы­сы­ның ана тілі бар екенін, тіл ар­қылы адамдар бір-бірін та­нып-біле алатынын және кез кел­ген халықтың рухани мә­де­ниеті, дәстүрі, салтымен танысу үшін де тілге жүгінетінін тағы бір еске салды.

Тіл мерекесіне арналған та­нымдық іс-шара мәдени диа­лог түрінде шетелдік студент­тер­дің белсенді қатысуымен ұйымдасқан түрде өтті. Мұн­дай рухани кеш Қазақстан Республикасында өмір сүретін ұлттар достығының дамуына өз үлесін қосты деуге болады.

Айгүл САДЕНОВА,

Шетелдіктердің тілдік

және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушысы