ҚазҰУ-да тазалық апталығы.

11 қыркүйек, 2024

    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында қыркүйек айының 11 жұлдызында ұйымдастырылып жатқан жалпы университеттік сенбілікке Картография және геоинформатика кафедрасының студенттері мен оқытушылары белсенді қатысты.

     Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына жолдауында: «Таза Қазақстан» шарасына бірнеше айдың ішінде 3 миллионға жуық азамат атсалысты. Бұл уақытша науқан емес. Осы маңызды жоба жыл бойы жалғаса беруге тиіс. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаның тазалығы әркімнің күнделікті дағдысына айналуы қажет», – деп атап өткен болатын.

    Апталықтың мақсаты – білім алушы жастарды қоршаған ортаны таза ұстауға үндеп, экологиялық мәдениет қалыптастыру және ҚазҰУ қалашығының санитарлық жағдайын жақсарту.

    Оқытушылар мен студенттер бірлесе отырып, табиғатқа қамқорлық танытып, университет аумағын тазартты. Осындай бастамалар арқылы біз қоршаған ортаны қорғауға өз үлесімізді қосып, таза және жасыл болашаққа қадам басамыз!