«Қазақстан жастары арасында қорқыту, буллинг»
Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары «Құқық қорғау қызметі» ББ 3 курс студенттерімен бірлесіп, БҰҰ ТДМ 3. «Жақсы денсаулық және салауаттылық» іске асыру шеңберінде «№21 гимназияның» 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Тақырыбы: «Қазақстан жастары арасында қорқыту, буллинг».
Кездесудің мақсаты: мектеп оқушыларына қорқытудың қандай формада болатынын тануға үйрету және қорқытуға қарсы тұру тәсілдері туралы түсінік беру.
Өткізу формасы: презентация, әңгімелесу.
Кездесу барысында қамтылған мәселелер:
1. «Буллинг» дегеніміз не?
2. «Кибербуллинг» дегеніміз не және интернеттегі қорлаудың түрлері қандай?
3. Кибербуллингтің құрбаны кім болуы мүмкін?
4. Неліктен адамдар агрессорға айналады?
5. Егер сіз қорқытудың құрбаны болсаңыз ше?
Басқа жаңалықтар


