Айқын

6 қараша, 2015

Күйшінің сыйы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті экономика және бизнес мектебінің студенттері күйші Талап Қарашпен кездесу өткізді.

Әдеби-музыкалық кешті профессор, экономика ғылымдарының докторы, академик Өтеғали Шеденов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Ол өнер иесінің Қазақтың белгілі ақыны Қанипа Бұғыбаеваның ұлы екендігіне тоқталды. Сондай-ақ мәдениет саласында атқарып жүрген игі істеріне оң бағасын берді. Өз кезегінде Талап Қараш соңғы кездері жазған өлеңдерін оқып, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлына арнаған «Батыр» күйін орындап берді. Шығармашылық кештің қызықты өтуіне әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Экономика және бизнес жоғарғы мектебінің Менеджмент және маркетинг кафедрасының 3-4 курс студенттері Эльмира Төлеген, Айдана Назтай және жас әнші Зиярат Қамбатыров пен Баян Төлешова, Айдана Төлеу белсенділік танытты. Кеш иесі жиналған жастарға, олардың ұстаздары доцент Г.Смағұло­ва­ға, Л.Әшірбековаға, профессор Ж. Тұмбайға алғыс білдірді. Қызықты да тартымды өткен шараның соңында күйші-ақын «Рух оянған күн» атты жыр жинағын таратып берді.

Дайындаған Әмірлан МӘУЛЕН